08.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Берел» Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Insvolley хабарлауынша, Өскеменнің «Берел» волейбол клубы қатарынан екінші жыл Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды.

Жартылай финалдың шешуші матчында «Берел» Петропавлдың «Қуаныш» командасын 3:0 (25:13, 25:19, 25:23) есебімен ойсырата жеңді. Осылайша, Шығыс Қазақстандық команда қарсыласын екінші рет жеңіп, тағы да финалға өтті.

Өткен жылы «грифондар» финалда Түркістанның «Тұран» клубына жол берген болатын. Биыл алтын медаль үшін «Жетісу» командасымен бақ сынайды.

Кездесудің үздік ойыншысы 21 ұпай жинаған «Берелдің» шабуылшысы Татьяна Яцкив болды. Ал «Қуаныш» құрамында 15 ұпаймен команда капитаны Юлия Дымарь көзге түсті.