25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бензема Роналдудың үздік футболшы мәртебесі туралы мәлімдемесімен келіспеді

«Әл-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың өзін барлық заманның үздік футболшысы деп жариялаған мәлімдемесіне жауап берді.

Француз шабуылшысы бұл мәселеде әркімнің өз көзқарасы бар екенін айтты, сонымен қатар ол өзінің таңдауын атаудан тартынған жоқ.

Мен үшін мысалы ең үздігі Бразилиялық Роналдо — деді Бензема.

Айта кету керек, қазір Сауд Арабиясында өнер көрсетіп жүрген екі жұлдыз футболшы бұрын Мадридтің «Реалында» серіктес болған. Олар қауіпті шабуылшылар дуэтін құраған.

Биылғы маусымда Криштиану Роналду әлі де жоғары деңгейді көрсетуде: 28 ойында 24 гол соғып 4 нәтижелі пас берді.