03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бензема: France Football-дан көңілім қалды

Marca мәліметінше «Әл-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема «Алтын доп-2024» дауыс беру нәтижелеріне келіспейтінін білдірді.

France Football-дің беделді марапатын «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри иеленді, ал мадридтік «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор дауыс беруде екінші орынға ие болды.

«Мен France Football туралы айтқым келмейді… Винисиус Чемпиондар лигасын жеңген маусымда әрбір матчта шешуші рөл атқарды, «Алтын допқа» одан артық ешкім лайық емес еді. Мен футбол көріп отырмын және оның тек үздіктер жасай алатын нәрселерді жасап жатқанын білемін. Ол «Алтын допты» ұтпаған кезде мен оған хабарлама жібердім, France Football-дан көңілім қалды.»

Бразилиялықтың «Реалдағы» бұрынғы серіктесі (қазір сауд клубында ойнайтын) бұл ойларымен «Los amigos de Edu» бағдарламасының эфирінде бөлісті.