07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бенчич төрт жылдан кейін алғаш рет Үлкен дулыға турнирінің ширек финалына өтті

Бенчич төрт жылдан кейін алғаш рет Үлкен дулыға турнирінің ширек финалына өтті

Белинда Бенчич Уимблдонның төртінші айналымында Екатерина Александрованы 7:6(4), 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Швейцариялық теннисші — соңғы төрт жылда алғаш рет Үлкен дулыға турнирінің ширек финалына өтті. Бұған дейін спортшы US Open-нің ширек финалына үш рет шыққан — 2014, 2019 және 2021 жылдары.

Келесі матчта Бенчич Мирра АндрееваЭмма Наварро жұбының жеңімпазымен кездеседі.