Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бенавидес-үлкен: «Бивол жекпе-жектен қашып жүр»

Vringe.com мәліметінше, жеңілмеген америкалық боксшы Давид Бенавидестің әкесі әрі бапкері Хосе Бенавидес-үлкен жартылай ауыр салмақтағы чемпион Дмитрий Биволдың әрекеттеріне қатысты сыни пікір білдірді.

«Бивол жекпе-жектен қашуда — ол бұл кездесудің қаншалықты қиын және қауіпті болатынын жақсы біледі. Қазір боксшылар тек қаламақы туралы ойлайды, сондықтан белбеулерді соңына дейін ұстап тұрады. Себебі титулсыз қалса, қарапайым жекпе-жектерге оралуға мәжбүр болады», — деді бапкер.

Сондай-ақ ол ұлы Давид Бенавидестің WBA Regular белбеуіне таласта Давид Моррельді жеңгенін, ал Бивол осы ұйымның суперчемпионы екенін атап өтті. Осылайша, Бенавидестер командасы толыққанды чемпиондық жекпе-жекті талап етуде.