25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бен Аскреннің жағдайы жақсарып келеді

Бен Аскреннің жағдайы жақсарып келеді

Bellator мен ONE чемпионаттарының бұрынғы жеңімпазы Бен Аскреннің денсаулығына қатысты жақсы жаңалықтар шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның әйелі Эми Аскрен Беннің өкпе трансплантациясы тізіміне енгенін айтты. Қазір ол есін жиі жинап отырады, бірақ әлі де телефон қарай алмайды.

«Кеше ол дыбыссыз бірдеңе айтып жатты. Ақыры түсіндік — “кофе” депті! (Пока іше алмайды, әрине, лол). Мұндай қарапайым нәрсені сұрағанына қуанып қалдым. Ең бастысы — ақыл-есі дұрыс, енді тек сауығып оралуын күтеміз», — деді Эми.