10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Bellator чемпионы Усман Нурмагомедов ПСЖ жұлдыздарымен кездесті

Усман Нурмагомедов ПСЖ «Монако» футбол матчына қатысты.

Жеңілмеген аралас жекпе-жек шебері париж клубының үздік ойыншылары Ашраф Хакими, Усман Дембеле және Хвича Кварацхелиямен кездесіп, сондай-ақ ПСЖ президенті — Нассер Әл-Хелайфимен әңгімелесті.

Ерекше атап өтерлігі Нурмагомедов ресейлік футболшылармен ПСЖ қақпашысы Матвей Сафонов пен Монаконың жарты-қорғаушысы Александр Головинмен фото-суретке түсті.

Жылы қабылдау мен кездесу мүмкіндігі үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді, керемет жеңіспен құттықтаймыз

— деп жазды Усман әлеуметтік желілерінде іс-шара аяқталғаннан кейін.