28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бельгиялық ван Арт Тур де Франс-2025 соңғы кезеңін жеңіп алды

Бельгиялық ван Арт Тур де Франс-2025 соңғы кезеңін жеңіп алды

Team Visma | Lease a Bike командасының мүшесі Ваут ван Арт Тур де Франс-2025 жарысының Париждегі Елисей алаңында аяқталған соңғы кезеңінің жеңімпазы атанды.

«Астана» велошабандозы Давиде Баллерини екінші орынға ие болса, үздік үштікті Bahrain Victorious командасының өкілі Матей Мохорич түйіндеді.

21-ші кезең Мант-ла-Виль — Елисей алаңы нәтижелері:

  • Ваут ван Арт (Бельгия, Team Visma | Lease a Bike) — 2:05:33
  • Давиде Баллерини (Италия, «Астана»)
  • Матей Мохорич (Словения, Bahrain Victorious)

Жалпы есепте UAE Team Emirates-XRG командасының велошабандозы Тадей Погачар жеңіске жетті — оның қорытынды уақыты 76:00:32 құрады. Екінші орынды Йонас Вингегор 4 минут 24 секунд айырмашылықпен иеленсе, үшінші орынға Флориан Липовиц көшбасшыдан 11 минут 9 секунд қалып қойып тұрақтады.