19.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бельгиялық Ван Арт Джиро д’Италияның тоғызыншы кезеңін жеңді

Бельгиялық Ван Арт Джиро д’Италияның тоғызыншы кезеңін жеңді

Джиро д’Италия беделді көпкүндік веложарысының тоғызыншы кезеңінде Visma | Lease a Bike командасының өкілі Ваут Ван Арт жеңіске жетті.

Губбиодан Сиенаға дейінгі 181 шақырымдық қашықтықты бельгиялық велошабандоз 4 сағат 15 минут 8 секундта жүріп өтті. Екінші орынға UAE Team Emirates-XRG командасының өкілі Исаак Дель Торо келсе, үздік үштікті Lidl-Trek командасының мүшесі Джулио Чикконе түйіндеді, ол жеңімпаздан 58 секундқа қалып қойды.

«Астана» командасының велошабандоздары арасында Никола Кончи үздік нәтиже көрсетті — ол 41-ші орынға 5 минут 10 секунд айырмашылықпен келді.

Жалпы есепте UAE Team Emirates-XRG командасының мексикалық велошабандозы Исаак Дель Торо көш бастап келеді — ол командаласы Хуан Аюсодан 1 минут 13 секундқа алда. Үшінші орында Bahrain-Victorious командасының өкілі Антонио Тибери тұр, ол көшбасшыдан 1 минут 30 секундқа қалып қойды.