30.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукакудың әкесі қайтыс болды

Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукакудың әкесі қайтыс болды

Бельгия құрамасы мен «Наполи» шабуылшысы Ромелу Лукаку әкесі — бұрынғы кәсіби футболшы Роже Лукакудың 58 жасында қайтыс болғанын хабарлады.

Шабуылшы әлеуметтік желілерде көңіл толқытар жазба қалдырды:

Білетінімнің бәрін үйреткенің үшін рахмет. Мен шексіз алғыс айтамын және құрметтеймін. Өмір енді ешқашан бұрынғыдай болмайды. Сен мені басқа ешкім қорғай алмайтындай қорғадың және бағыт-бағдар бердің. Мен енді бұрынғыдай болмаймын. Жаным ауырады, көз жасым көл болып ағып жатыр, бірақ құдай маған қайта күш береді. Бәрі үшін рахмет, Роже Менама Лукаку. Қош бол, әке❤️🕊️

Дереккөз: Ромелу Лукакудың инстаграмы