07.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Белгілі журналист олимпиада чемпионының Астанадағы өнерін сынға алды

Белгілі журналист олимпиада чемпионының Астанадағы өнерін сынға алды

Saturday Night Boxing және Ring Magazine басылымдарының белгілі журналисі Адам Абрамовиц Баходир Жалоловтың (15-0, 14 КО) Астанадағы өнерін сынға алды.

Өзбекстаннан шыққан екі дүркін олимпиада чемпионы — кәсіби мансабында алғаш рет украиналық боксшы Игорь Шевадзуцкиймен (12-3, 10 КО) жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтай алмады.

«Бұл жекпе-жектің он раундқа созылғанына сене алар емеспін. Жалоловтың өнері әлсіз болды», — деп атап өтті сарапшы X әлеуметтік желісінде.

Он раундтық жекпе-жек өзбекстандық ауыр салмақтағы боксшының төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісімен аяқталды.