17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Белгілі UFC инсайдері Алмабаев — Теміров жекпе-жегінің фаворитін атады

Белгілі UFC инсайдері Алмабаев — Теміров жекпе-жегінің фаворитін атады

Танымал ММА инсайдері және Tapology.com редакторы Марсель Дорфф қазақстандық Асу Алмабаев пен өзбекстандық Рамазан Теміров арасындағы алдағы жекпе-жек туралы болжамымен бөлісті.

Мен үшін бұл жекпе-жектің фавориті — Алмабаев. Оған қазір жеңіс жолына оралу керек. Теміровті жеңген жағдайда қазақстандық спортшы жеңіл салмақтағы дивизионның үздік жетілігіне қайта оралады, — деп атап өтті сарапшы.

Жекпе-жек Абу-Дабиде UFC on ABC 9 турнирінде 26 шілдеде өтеді. Асу Алмабаевтың ММА-дағы көрсеткіші 21-3 және UFC-дегі көрсеткіші 4-1, ал оның қарсыласы Рамазан Теміровтің ММА-дағы көрсеткіші 19-3 және UFC-де екі жеңісі бар.

Айта кетерлігі, Теміров бұған дейін қазақстандық жекпе-жек шеберлерімен кездескен — оның еншісінде осы елдің өкілдерімен үш жекпе-жек бар: Талғат Жұмағалиевпен екі рет және Сәтбек Есенгелдинмен бір рет.