21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Белгілі тай киберспортшысы Q еркін агент атанды

Dota 2 кәсіби ойыншысы Воравит «Q» Мекчай ресми түрде «Aurora Gaming» құрамынан кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы киберспортшы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Тәжірибелі саппорт-ойыншы командада бір жарым жыл бойы 4-позицияда ойнаған. Ол қазіргі уақытта кез келген аймақтағы ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, «Aurora Gaming» клубы ақпан айының басында Dota 2 құрамасын тарату туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған байланысты ойыншылардың бір бөлігі бірден еркін агент мәртебесін алса, Мекчай Эйбед «Abed» Азэль Юсоп және Ануча «Jabz» Джиравонгпен бірге трансферге қойылған еді.

Қазір «Q» өз мансабындағы жаңа кезеңге қадам басуға дайын екенін көрсетіп отыр. Оның келесі командасы туралы ресми ақпарат жақын арада белгілі болуы мүмкін.