03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Белгілі сарапшы Алмабаевтың UFC-дегі психологиялық дайындығын сынға алды

Белгілі ММА комментаторы Давид Кучашвили қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (21-3) португалиялық спортшы Манель Капеге (21-7) қарсы өткен жақындағы жекпе-жегі туралы сараптамалық пікірін білдірді.

«Асу мұндай маңызды жекпе-жекке дұрыс дайындала алмады — ол алғаш рет атақты файтермен тор ішінде кездесті, бірақ психологиялық тұрғыдан бұл жекпе-жекті титул жолындағы «кезекті қарсылас» ретінде қабылдай алмады. Асу бірінші секундтардан бастап өзіне тән емес күйде болды, бастаманы толығымен беріп жекпе-жек жоспарын ұстанбады.»

02.03.2025 күні Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты оқиғасы аясында өткен жекпе-жек үшінші раундта Капенің техникалық нокаутымен аяқталды. Айта кету керек жекпе-жек барысында жанкүйерлер арасында дау туды, португалиялық файтер қазақстандық спортшының көзіне саусағымен кездейсоқ тигізген эпизод болды.