25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Белгілі көкпаршы ұлттық құрама қақпашысы Мұхамеджан Сейсенге тұлпар сыйлады

Белгілі көкпаршы ұлттық құрама қақпашысы Мұхамеджан Сейсенге тұлпар сыйлады

Көкпардан еліміздің 15-дүркін чемпионы Нұрдәулет Момынов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсенге тұлпар сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыған дейін елордалық «Астана» қақпашысы алматылық «Қайрат» командасының үш бірдей қақпашысына көлік мінгізгенін меңзеп, «маған теміртұлпар емес, тұлпарда жетеді» деп айтқан болатын.