05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Беларусь — Қазақстан ойынына кімдер қазылық етеді?

Беларусь — Қазақстан ойынына кімдер қазылық етеді?

Беларусь және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге ресейлік төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Бас төреші ретінде Сергей Карасев тағайындалды. Оған қосалқы төреші ретінде Максим Гаврилин мен Дмитрий Сафьян көмектеседі. Ал төртінші төреші міндетін Беларусь өкілі Артём Ясель атқарады.

Еске салайық, қос құрама арасындағы спарринг 5 маусым күні сағат 22:00-де «Борисов-Арена» стадионында өтеді.