Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Белал Мухаммад Иан Гарридің жеңісіне қатысты пікір білдірді

Белал Мухаммад Иан Гарридің жеңісіне қатысты пікір білдірді

Жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейінгі) UFC-дің қазіргі чемпионы, америкалық Белал Мухаммад Канзас-Ситиде (АҚШ) өткен UFC on ESPN 66 турнирінде ирландиялық Иан Гарри мен бразилиялық Карлос Пратес арасындағы жекпе-жектің нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Пратестің әлі күші бар. Мүмкін, темекісі жақсы шығар. Керемет жекпе-жек болды. Гарри IQ арқылы жеңді», — деп жазды Мухаммад әлеуметтік желідегі парақшасында.

Иан Гарридің жасы 27-де. Ирландиялық файтер UFC-де 2021 жылы дебютін өткізген. Кәсіпқой карьерасындағы жалғыз жеңілісін ол 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновтан тапты. Жалпы UFC аясында оның есебінде тоғыз жеңіс пен бір жеңіліс бар.