11.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Белал белбеусіз қалды — Маддалена жартылай орта салмақты бағындырды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Белал белбеусіз қалды — Маддалена жартылай орта салмақты бағындырды

Австралиялық Джек Делла Маддалена жартылай орта салмақта Белал Мұхаммадты жеңіп, UFC-дің жаңа чемпионы атанды. Бес раундқа созылған жекпе-жекте Джек өзінің техникасы мен дәл соққыларын көрсетіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұл нәтиже салмақтағы күш теңдігін өзгертіп жіберді. Енді жеңіл салмақтың чемпионы Ислам Махачев те осы дивизионға ауысуға ниетті екені айтылуда.

Ал жарақатына байланысты турнирден тыс қалған Шавкат Рахмонов үшін чемпиондық жекпе-жек уақытша алыстап барады. Алайда қазақстандық файтердің титулдық мүмкіндігі әлі де сақталып отыр — ол жеңісті қайта оралса, кезекке қайта тұруы әбден мүмкін.