08.01.2026
Оқу уақыты: 1 мин

Бекзат Нұрдаулетов басшылық қызметке тағайындалды

Бекзат Нұрдаулетов басшылық қызметке тағайындалды

2019 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Жалғасбайұлы Нұрдәулетов мансабын аяқтап, спорт маманы ретінде басшылық жұмысқа ауысты.

Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

Әлем чемпионы атағынан бөлек Бекзат 2024 жылы Азия чемпионы және 2025 жылы Әлем кубогінің иегері атанған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін аталмыш лауазымда Әділбек Ниязымбетов болған еді.