Оқу уақыты: 1 мин

Бекзат Алмахан жылдың екінші жартысында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бекзат Алмахан жылдың екінші жартысында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан 3-4 ай ішінде октагонға қайта оралуды көздеп отыр. Бұл туралы оның бапкері Дәнеш Дүнгенбаев мәлімдеді.

Маманның айтуынша, бұған дейін UFC басшылығы Бекзатқа Абу-Дабидегі турнирге қатысу туралы ұсыныс білдірген. Алайда келісімшарт мәселелері шешілмегендіктен, жекпе-жек болмай қалған. Қазір команда жаңа мүмкіндік іздеп, дайындықты жалғастыруда.