10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалдан шығып қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалдан шығып қалды

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов (85 келі) әлем чемпионатының 1/8 финалында грузиялық Георгий Кушиташвилиге қарсы шаршы алаңға шықты.

Тартысты өткен жекпе-жек соңында төрешілердің шешімімен жеңіс грузиялық спортшыға берілді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Сабыржан Аққалықов (75 келі) та жарыс жолынан ерте шыққан болатын.