22.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бекман Сойлыбаев: Чемпиондармен шығуға дайынбыз

Бекман Сойлыбаев: Чемпиондармен шығуға дайынбыз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Бекман Сойлыбаев (19-1, 10КО) UBO World чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.

Жекпе-жек кеші 23 ақпанда Adal promotion компаниясының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында өтеді. Бекманның қарсыласы танзаниялық нокаутер Абейд Зуго (15-0, 13КО). Зуго кәсіпқой боксшылар арасында Африка чемпионы. Сонымен қатар, әлемдік Boxrec рейтингінде 54 орында тұр.

Жекпе-жек алдында Бекман Сойлыбаев sportministri инстаграм паблигіне берген сұхбатында, үздік ондыққа кіруді жоспарлап отырғанын айтты.

Промоутерлер осы кездесуден кейін үздік ондыққа кіру деген мақсаттарын айтып қалды. Өзіңіздің ойыңыз қандай? Ол жақта осал қарсылас жоқ дегендей?

— Кез келген қарсыласқа дайынбыз. Қазір мен кімді береді, сонымен шығып жатырмын. Алдағы уақытта чемпиондармен шығуға дайынбыз, өйткені ол боксшылардың деңгейінен, біздің деңгей кем емес.

Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев кәсіби мансабын 2014 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін ол, WBA NABA USA, WBC International, WBA International белбеулерін жеңіп үлгерді.