Оқу уақыты: 1 мин

Бек Нұрмағанбеттің жекпе-жек күні белгілі болды

IMG 7044

Әйгілі «boxrec» сайтының хабарлауынша қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (12-0, 10 ҚО)  25-қазан күні АҚШ елінде өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Еске салайық, 15-қыркүйек күні Бек «Канело-Берланга»  бокс кешінің андеркардын ашып, америкалық Джошуа Конлимен жұдырықтасып, жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтаған болатын.