21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бейбіт Жукаев ATP 500 турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бейбіт Жукаев ATP 500 турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан ATP 500 сериялы турнирінің іріктеу финалында жеңіске жетті. Ол шешуші матчта италиялық Андреа Вавассориді үш сетте ұтты – 7:5, 6:7 (9:11), 6:4.

Кездесу 3 сағат 10 минутқа созылды. Жукаев бұл ойында 14 эйс жасап, 13 қос қателікке жол берді. Сонымен қатар ол 8 мүмкіндіктің 4-інде брейк-пойнтты сәтті орындады. Қарсыласы Вавассори 15 эйс жасап, 3 қос қателікпен көзге түсті және 9 мүмкіндіктің 2-інде брейк жасаған.

  • ATP 500, Вашингтон (АҚШ)
  • Квалификация, финал

Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – Андреа Вавассори (Италия) – 7:5, 6:7 (9:11), 6:4

Осылайша, әлемнің 216-ракеткасы саналатын 24 жастағы Жукаев турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды. Бірінші айналымда ол Франция өкілі Александр Мюллермен кездеседі.