09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бейбіт Жұқаев Штутгарттағы турнирде алты сағатта екі кездесу өткізді

Бейбіт Жұқаев Штутгарттағы турнирде алты сағатта екі кездесу өткізді

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 230-орын) Штутгарттағы (Германия) турнирде жекелей сында бір күнде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу финалында Жуқаев венгриялық Мартон Фучовичпен (124-орын) кездесіп, қарсыластан үш сетте жеңілді — 7:6, 3:6, 2:6. Матч 1 сағат 44 минутқа созылды.

Айта кетейік, осы матчқа дейін алты сағат бұрын қазақстандық швейцариялық Марк-Андре Хуслермен (158-орын) ойнап, 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңген болатын.