12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бейбіт Жұқаев Франциядағы жарыстан шығып қалды

Бейбіт Жұқаев Франциядағы жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 282-ші орында) Францияның Лион қаласындағы турнирде 1/8 финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундта Жұқаев неміс Ян-Леннард Штруффпен (100-ші орында) кездесіп, үш сетте жеңіліп қалды – 7:6, 6:7, 4:6. Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Бейбіт Жұқаев осылайша Лиондағы Челленджер турниріндегі жолын аяқтады.