21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон турниріне жолдама алды

Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон турниріне жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 216-ракеткасы, 24 жастағы Бейбіт Жұқаев Вашингтон (АҚШ) ATP 500 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен түйіндеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 324-ракеткасы, италиялық, 30 жастағы Андреа Вавассоримен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бейбіт 4:2 есебімен алға шыққанымен, италиялық теннисші таразы басын теңестірді – 4:4. Дегенмен Жұқаев тағы бір брейкке қол жеткізді – 7:5.

Екінші сетте тай-брейкте италиялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (11:9).

Үшінші, шешуші партияда есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасап, матчты эйспен аяқтады – 6:4.

Үш сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсекеде Жұқаев 14 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Вавассори 15 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет Вашингтон ATP 500 турниріне жолдама алды.

Бейбіттің негізгі додадағы қарсыласы кейін анықталады.