10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

BBC төрағасы аңызға айналған футбол бағдарламасының форматын өзгертуді ұсынды

«BBC» төрағасы Самир Шах аңызға айналған «Match of the Day» футбол бағдарламасының форматын өзгерту туралы ұсыныс жасады. Оның айтуынша, Премьер-лига матчтарының қызықты сәттерін көрсету (хайлайттар) қысқарып, керісінше, талдау мен матчтарды талқылауға басымдық берілуі қажет.

Самир Шах: «Бағдарлама хайлайттарға негізделмеуі керек. Оның басты мақсаты — көрермендерге ойынды терең түсінуге мүмкіндік беретін сараптама мен талқылау».

BBC төрағасы бұл өзгерісті жанкүйерлердің көпшілігі бағдарламаны көрмей тұрып-ақ голдар мен матчтардың маңызды сәттерін басқа дереккөздерден көріп үлгеретіндігімен түсіндірді.

Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) хайлайттарын көрсету құқығы BBC арнасында 2028/29 маусымының соңына дейін жарамды.

«Match of the Day» бағдарламасы сенбі күндері, ал оның жексенбілік нұсқасы «MOTD2» жексенбі күндері эфирге шығады. Бағдарламаның қазіргі жүргізушісі Гари Линекер ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін шоудан кететінін хабарлады.