Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

BBC Премьер-лига бапкерлерінің алаң шетіндегі мінез-құлқына бірегей зерттеу жүргізді

BBC Sport мәліметінше, басылым журналистері Ағылшын Премьер-лигасы бапкерлерінің ойын кезіндегі мінез-құлқын зерттеген ерекше бақылау жүргізді.

Мамандар бапкерлердің алаң шетіндегі орналасуын, қозғалыс белсенділігін және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын назарға алып, нәтижелерін арнайы жылу карталары түрінде ұсынды.

Бақылау қорытындысы бойынша:

  • Кейбір бапкерлер бір орында тыныш тұруды қалайды;

  • Басқалары техникалық аймақта белсенді қозғалып жүреді;

  • Бірқатары төртінші төрешімен жиі тілдеседі;

  • Ал кейбірі орындықта отырып, жағдайды сол жерден бақылауды жөн көреді.

Мәселен, «Арсенал» бас бапкері Микель Артета техникалық аймаққа «Вест Хэм» жаттықтырушысы Дэвид Мойеспен салыстырғанда 50%-ға жиі шыққан. Ал «Эвертон» тізгінін ұстаған бапкер өз көмекшілерімен белсенді түрде сөйлесіп, орындыққа отырып тұруды ұнатса, Артета мұндай әрекеттерге мүлдем бармаған.

«Брентфорд» командасының бапкері Томас Франкі әріптестерімен сөйлесу үшін блокнотпен орындыққа жиі барып отырған. Ал «Лестер» жаттықтырушысы Энцо Мареска алаң шетінен бір қадам да алыстамай, ойыншыларға белсенді түрде ым-ишара жасап, нұсқаулар беріп отырған.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!