Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Байер» бас директоры: Хаби Алонсоның болашағы жақын арада анықталады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Байер» клубының бас директоры Фернандо Карро бапкер Хаби Алонсоның болашағына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, алдағы маусымға қатысты шешім бірнеше апта ішінде қабылданады.

«Біздің қарым-қатынасымыз өзара сенім мен түсіністікке құрылған. Егер Хабиді кезінде өзі ойнаған клуб шақырса, біз онымен ашық сөйлесіп, жолына кедергі келтірмейміз», – деді Карро.

Айта кетейік, Хаби Алонсоның есімі «Реал Мадрид» клубымен жиі аталып жүр.