15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Бавария» «Окленд Ситиді» тас-талқан етеді» — сарапшы клубтық әлем чемпионатының матчы туралы

«Бавария» «Окленд Ситиді» тас-талқан етеді» — сарапшы клубтық әлем чемпионатының матчы туралы

15 маусымда Клубтық әлем чемпионатының (С тобы) топтық кезеңінің 1-туры аясында Мюнхеннің «Бавариясы» Жаңа Зеландия өкілі — «Окленд Сити» командасымен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.

Футбол сарапшысы Әлібек Кенжалы Sport Pulse порталына бұл матчтан не күтетінін айтты:

— Біз үшін жаңа әрі эксперименттік турнирде «Бавария» Жаңа Зеландияның жартылай кәсіби командасымен кездеседі. Бұл клубта ойыншылардың кейбірі жалақы да алмайды. Әзірге еуропалық алыптар бұл турнирге қандай көңіл-күймен келетінін нақты айту қиын. Дегенмен, егер олар бұл жарысқа аса үлкен көңіл бөлсе, мюнхендіктер бұл ойында қарсыласын тас-талқан етеді деп ойлаймын. Алдағы матчта кемінде 3–4 гол соғылады деп ойлаймын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!