Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Бавария» Мюллердің болашағын бапкермен талқылады

Goal порталының хабарлауынша, Мюнхендік «Бавария» басшылары клуб аңызы Томас Мюллердің болашағына қатысты шешімді бас бапкермен бірге талқылады.

Клубтың спорт директоры Макс Эберль мен техникалық директоры Кристоф Фройнд бас жаттықтырушы Венсан Компанимен кездесу өткізіп, 35 жастағы футболшының жағдайын пысықтады. Қазіргі жоспарға сәйкес, бельгиялық маман Мюллерді келесі маусымда негізгі құрам ойыншысы ретінде қарастырмайды.

Томас Мюллердің клубқа қосқан үлесі мен мансабына құрмет көрсетілгенімен, бапкерлік штаб оған тұрақты ойын уақытына кепілдік бере алмайтынын мәлімдеген. Ағымдағы Бундеслига маусымында тәжірибелі жартылай қорғаушы орта есеппен тек 37 минут қана алаңда өткізуде.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!