Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Бавария» бір ойыншысынан құтылмақ

«Бавария» жартылай қорғаушы Жоау Пальиньяны сату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мюнхендіктердің бас бапкері Венсан Компанидің жартылай қорғаушыға көңілі толмай жүр. Компани Пальиньянның өз ойын жүйесіне сәйкес келмейтінін айтты. Сонымен қатар, «Бавария» Пальиньянның трансферіне жұмсалған қаражаттың бір бөлігін қайтаруды көздейді. Былтыр мюнхендіктер «Фулхэмге» 51 миллион еуро төлеген болатын.

2024/2025 маусымында Жоау Пальинья «Бавария» сапында 21 матчқа қатысқан, бірақ нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады