10.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бауыржан Исламхан жарақатынан кейін ота жасатты

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақат алып, ота жасатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды Бірінші бол. Осыған байланысты ол наурыз айында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатыспауы мүмкін.

31 жастағы футболшы Қазақстан құрамасының Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы маңызды матчтарында алаңға шыға алмайды деп күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Исламхан соңғы екі маусымда шымкенттік «Ордабасы» клубының сапында өнер көрсетті. Бұған дейін футболшы «Тараз», «Астана», «Қайрат», Ресейдің «Кубань» және Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Айн» клубтарында ойнаған.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов бұған дейін іріктеу матчтары қарсаңында негізгі ойыншылардың жарақатына байланысты туындаған қиындықтарды атап өткен болатын.