Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Батырхан Төлеуғали Қытайда өтіп жатқан Азия кубогында қола жүлдегер атанды

Айнат Қабидулла
Айнат Қабидулла Тілші
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайда өтіп жатқан Азия аймағы бойынша President’s Cup атты беделді турнирде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 19 жастағы спортшы жарысты қола медальмен аяқтады. Ол жартылай финалда оңтүстіккореялық таеквондошы Пак Чун Саннан ұтылды.

Бұл жетістік Батырхан Төлеуғали үшін 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына Қазақстан үшін қосымша жолдама алып келді. Айта кетейік, Батырхан 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған болатын.