11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Батыр Жүкембаев кәсіби рингке оралуға дайындалып жатыр

Бірінші орта салмақтағы жеңілмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) жақында рингке оралатынын хабарлады.

Спортшы өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында қызықты жазба қалдырды:

Fight Announcement soon! (Жекпе-жек туралы хабарландыру жақында!)

Айта кетейік, Жүкембаев өткен жылдың мамыр айында АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өткен соңғы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті. Ол 5-ші раундта украиналық Иван Редкачты (24-8-1, 19 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұған дейін «Үш жетілік» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы 2024 жылы 3-4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Мұндай қарқынды кесте оны титулдық айқастарға жақындата түседі.

Жүкембаевтың алдағы қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күн жақын арада белгілі болмақ.