08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Баскетболдан Еуропа чемпионаты: Ширек финалда ойнайтын командалар белгілі болды

Баскетболдан Еуропа чемпионаты: Ширек финалда ойнайтын командалар белгілі болды

Грекия құрамасы баскетболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кездесуінде Израиль құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ригада өткен кездесу 84:79 (28:22, 22:19, 17:18, 17:20) есебімен аяқталды. Матчтың ең нәтижелі ойыншысы грек шабуылшысы Джаннис Антетокунмпо болды, ол дабль-дабль жасады (37 ұпай және 10 доп).

Ширек финалда гректер бұған дейін Латвия құрамасын ұтқан литвалықтармен ойнайды.

Ширек финалдық жұптардың толық құрамы төмендегідей:

Литва — Греция

Түркия — Польша

Германия – Словения

Финляндия — Грузия.

Баскетболдан Еуропа чемпионатын Кипр, Финляндия, Польша және Латвия қабылдап отыр.