25.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Баскетбол 3х3: Қазақстан Азия ойындарында қалай өнер көрсетуде

Баскетбол 3х3: Қазақстан Азия ойындарында қалай өнер көрсетуде

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы Азия ойындары аясында 3х3 баскетбол сайыстары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер және әйелдер құрамалары топтық кезеңде үш кездесуден өткізді.

Қазақстандық баскетболшы қыздар Біріккен Араб Әмірлігін жеңіп, Тайбэй мен Қытай командаларына есе жіберді. Қазір олар А тобында бесінші орында тұр.

Ал ерлер құрамасы Йемен мен Бангладешті жеңіп, Сауд Арабиясына жол берді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы D тобында үшінші орында.