14.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыстың» жас қорғаушысы Санжар Ибрагим КХЛ-дегі дебютін еске алды

«Барыстың» 17 жастағы қорғаушысы Санжар Ибрагим Санкт-Петербургтің «СКА» командасына қарсы өткізген дебюттік матчы туралы әсерімен бөлісті.

Жас хоккейші маусым бойы жастар әлем чемпионатында ойнап жүргенімен, негізгі командаға шақырту күтпеген жерден келді:

«Мен «Снежные Барыс» жаттығуынан кейін киім ауыстыратын бөлмеде отырғанда бапкерден қоңырау келді. Тіпті түскі асқа үлгермей, бірден бапкерлер бөлмесіне жүгірдім. Мачт жайлы айтатын болсам, матч қатты ұнады. Олар өте жылдам, физикалық тұрғыда мықты әрі ойын динамикалық болды», — дейді Ибрагим.

Ибрагим Евгений Кузнецовпен эпизодтың ерекше есте қалғанын айтты: «Мен оны бортқа қысып қалдым — кешіріңіз, Евгений. Бірақ кейін ол мені артқы жақтан қарсы алды», — деп күліп еске алды.

Жас қорғаушы жаттығу алдында «шкурканы» жеңіп үлгеріп, команданың ішкі атмосферасына тез бейімделгенін, сондай-ақ негізгі құрамда тағы да ойнағысы келетінін атап өтті. «Өте керемет және күтпеген жағдай болды — маған ойын шынымен ұнады», — деп Санжар дебютін қорытындылады.