25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстың» жаңа шабуылшысы Мейсон Морелли: «Мақсатым — плей-оффқа шығуға көмектесу»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыстың» жаңа шабуылшысы Мейсон Морелли: «Мақсатым — плей-оффқа шығуға көмектесу»

Астаналық «Барысқа» жаңадан қосылған америкалық форвард Мейсон Морелли елордаға келгеннен кейін әсерімен және жаңа клубтағы мақсаттарымен бөлісті.

«Мұнда болғаныма қуаныштымын. Қала туралы көп білмеймін, бірақ танысып, түрлі жерлерін көргім келеді, жігіттермен жақынырақ танысқым келеді. Астанада жағдай жақсы, мұз айдыны тамаша, жанкүйерлері адал деп естідім. Бұл мен үшін лайықты мүмкіндік болды, маусымды күтудемін», — деді Морелли.

Ол КХЛ-де бұрын ойнаған бірқатар хоккейшілерді танитынын да айтты: «Джейк Масси мен Майк Веккионемен “Херши” құрамында бірнеше жыл бірге ойнадым, жақсы таныспыз».

Морелли «Барысқа» басты мақсаты — командаға плей-оффқа жолдама алуға көмектесу екенін атап өтті: «Әр матчта күресетін, жанкүйерлеріне мақтан тұтар себеп сыйлайтын команданың бір бөлігі болғым келеді. Клубтың жетістігіне өз үлесімді қосқым келеді».