17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстың» жаңа бас директоры тағайындалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыстың» жаңа бас директоры тағайындалды

Астаналық «Барыс» хоккей клубына жаңа басшылық келді. Команданың жаңа бас директоры болып Сәкен Мусайбеков тағайындалды. Бұл шешімді «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры қабылдаған.

Мусайбеков бұл қызметте Нұрлан Оразбаевты алмастырды. Оразбаев 2024 жылдың қазанынан бастап клубты басқарған болатын, алайда 2025 жылдың сәуірінде қызметінен кеткен.

Сәкен Мусайбеков бұған дейін Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2025 жылы ол Қысқы спорт түрлері бойынша Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті лауазымына тағайындалды.

Сәкен Мусайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институты мен Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. 1990-жылдардың басынан бері мемлекеттік басқару саласында түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Ол ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, кейін екі рет Мәдениет және спорт вице-министрі болған. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қоры мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының басшылық құрамында жұмыс істеген.