09.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстың» экс-ойыншысы жаңа клуб тапты

«Барыстың» экс-ойыншысы жаңа клуб тапты

Канададан келген шабуылшы Майкл Маклауд Омбының «Авангард» хоккей клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп мәлімдеді Sport Pulse.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт үш жыл мерзімге жасалған. 27 жастағы хоккейші алдағы маусымдарда да команда сапында 9-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Өткен маусымда Маклауд ҚХЛ-дағы «Барыс» командасының құрамында ойынын бастады. Астаналық клубтың сапында ол 16 матч өткізіп, 3 гол соғып және 3 нәтижелі пас берген болатын. Кейінірек маусым ортасында ол «Авангард» құрамына ауысып, жаңа командасының негізгі ойыншыларының біріне айналды. Омбылық клуб сапында 28 ойын өткізіп, ол 4 шайба мен 17 нәтижелі пас жасап, жалпы 21 ұпай жинады. Сонымен қатар, оның «плюс-минус» көрсеткіші +13 болды.