25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстың» экс-бапкері «Локомотивтің» тізгінін ұстауы мүмкін

«Барыстың» экс-бапкері «Локомотивтің» тізгінін ұстауы мүмкін

48 жастағы Дэвид Немировски Ярославльдің «Локомотив» клубының бас бапкері атануы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Prosports.kz KHL трансферлеріне арналған Telegram-арнаға сілтеме жасап.

Немировски кәсіби хоккейдегі жолын 1995 жылы НХЛ-дің «Флорида Пантерз» командасынан бастаған. Бұл клуб оны бір жыл бұрын драфттың төртінші раундында 84-нөмірмен таңдаған болатын. Оған дейін ол Канаданың жастар лигасында (OHL) және Американдық хоккей лигасында (AHL) ойнады.

1999 бен 2003 жылдар аралығында Швеция мен Финляндия біріншіліктерінде өнер көрсетті. Кейін КХЛ-ге ауысып, «Локомотив», «Химик», «Ак Барс», ЦСКА, СКА, «Барыс» пен Минскінің «Динамосында» ойнаған.

Ойыншылық мансабын аяқтаған соң, бапкерлікке бет бұрып, 2015 жылы «Адмиралдың» спорт директоры, 2018 жылы «Торпедоның», ал 2023 жылы «Сібірдің» бас бапкері болды. 2024 жылдың мамырында «Барыс» тізгінін ұстағанымен, қыркүйекте қызметтен босатылды. Айта кетейік, Немировски орыс тілінде еркін сөйлейді әрі Ресей азаматтығына ие. Хоккей қауымында оны әзіл-шыны аралас «Дэвид Семенович» деп те атайды.