23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатындағы команданы қайта басқарды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыстың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатындағы команданы қайта басқарды

Александр Высоцкий — Континенталдық хоккей лигасындағы «Барыс» клубының алғашқы маусымдағы бас бапкері — Қазақстан чемпионатындағы команданы қайтадан тізгіндеді.

Атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубының баспасөз қызметі Александр Высоцкийдің ұжымға қайта бас бапкер болып тағайындалғанын хабарлады. Еске салайық, ол өткен жылдың желтоқсанында дәл осы қызметке шақырылғанымен, команда плей-офф кезеңіне шыға алмады.

2025 жылдың ақпан айында Қазақстан хоккей федерациясы тарапынан Высоцкий бір жыл мерзімге хоккейге қатысты кез келген қызметтен шеттетілген еді. Алайда, егер бапкер өз міндеттеріне деген көзқарасын қайта қарап, тәртіп бұзушылықтарды болдырмаса, бұл мерзім алты айға дейін қысқартылуы мүмкін.

Айта кетейік, Александр Высоцкий 2008 жылы «Барыс» командасын КХЛ-дегі алғашқы маусымында басқарған болатын.