09.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстың» бұрынғы бапкері Дэвид Немировски жұмыссыз қалды

«Барыстың» бұрынғы бапкері Дэвид Немировски жұмыссыз қалды

Қытайдың «Шанхай Драгонз» клубы астаналық «Барыстың» бұрынғы бас бапкері Дэвид Немировскимен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, шешім екі тараптың келісімімен қабылданған. Немировски «Шанхай Драгонз» клубында осы жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеген. Қытайлық команда ҚХЛ Батыс конференциясы турнир кестесінде 36 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Айта кетейік, Дэвид Немировски «Барысты» 2024 жылы 8 мамырдан 25 қыркүйекке дейін баптаған. Канадалық маман басшылығындағы клуб жеті матчтың бірінде ғана жеңіске жетіп, кейін отставкаға кеткен болатын.