19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстың» бас бапкері клубтың легионерлеріне қатысты пікір білдірді

«Барыстың» бас бапкері клубтың легионерлеріне қатысты пікір білдірді

«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ-ның тұрақты чемпионаты аясында «Металлургке» қарсы өткен ойынды (1:5) қорытындылады,  деп хабарлайды Prosports.kz 

Маман әсіресе легионерлердің еңбегін жоғары бағалап, олардың тек мұз айдынында ғана емес, одан тыс жерде де команданың маңызды бөлігіне айналғанын айтты.

«Шетелдік хоккейшілеріміз жаттығуда бар күшін салып, ұжымға қарқын береді әрі нағыз лидер екенін дәлелдеп жүр. Олардың кәсібилігінің арқасында команда мінез-құлқын нығайтып, мықтырақ болды», – деді Кравец баспасөз мәслихатында.

18 қыркүйекте астаналықтар маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы кездесуін өткізіп, «Металлургке» есе жіберді. Магнитогорск ұжымы үшін бұл қатарынан үшінші жеңіс болып, 10 ұпай жинаған команда Шығыс конференциясының көшін бастады. Ал «Барыс» алты ұпаймен сегізінші орында тұр.

Кравец шәкірттері келесі ойынды 20 қыркүйекте Череповецте, жергілікті «Северстальге» қарсы өткізеді.