15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барысты» ресейлік компания 2 миллиард рубльге сатып алуы мүмкін

«Барысты» ресейлік компания 2 миллиард рубльге сатып алуы мүмкін

«Хайруллин Live» телеграм-арнасының хабарлауынша, «Барыс» хоккей клубы ірі ресейлік компанияның бақылауына өтуі мүмкін.

«Барысты ірі ресейлік компанияға екі миллиард рубльге (шамамен 13,3 млрд теңге) сатуы мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Бұл кімге қажет болды?» — делінген хабарламада.

Астаналық клуб КХЛ тұрақты чемпионатын Шығыс конференциясында соңғы орында аяқтады — команда 68 ойында 35 ұпай жинап, 54 рет жеңілді.

Клубтағы жағдай шетелдік ойыншыларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тыйым салу туралы заң қабылданғаннан кейін күрделене түсті — басшылық барлық шетелдік хоккейшілермен келісімшарттарды бұзуға мәжбүр болды.