22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстағы» Ғалым Мамбеталиевтің болашағы белгілі болды

«Барыстағы» Ғалым Мамбеталиевтің болашағы белгілі болды

«Головой об лед» Instagram-арнасының мәліметінше, «Барыстың» қазіргі жаттықтырушысы Ғалым Мамбеталиев клубтағы қызметін жалғастыратын болады.

Жаңа басшылық тағайындалғанына қарамастан, келісімшарттың қаржылық талаптары бапкерді жұмыстан шығаруды өте қымбатқа түсіреді — өтемақы шамамен 200 миллион теңгені құрауы мүмкін.

«Ғалым Мамбеталиев КХЛ-дағы ең төмен жалақы алатын бапкер екенін білсек те, оның жалақысы 10 миллион рубльге жетеді — бұл шамамен 60 миллион теңге», — дейді дереккөз.

Сонымен қатар, маманның клубтағы рөлі өзгеруі мүмкін — оған негізгі басқару функцияларын өз мойнына алатын көмекші тағайындалуы ықтимал.