01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыста» ең көп жалақы алатын хоккейші белгілі болды

«Барыста» ең көп жалақы алатын хоккейші белгілі болды

ҚХЛ-дың әрбір командасындағы ең қымбат ойыншылардың (жалақы бойынша) рейтингі жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыстың» қақпашысы Никита Бояркин ҚХЛ 22 хоккейшінің арасынан 20-орынға тұрақтады. Оның жалақысы жылына 266,2 миллион теңгені құрайды.

Бояркин ҚХЛ-да 80 кездесу өткізген. Өткен маусымда қайтарылған соққылардың пайызы бойынша лигадағы үздік 5 қақпашының қатарына еніп, командадағы негізгі ойыншылардың бірі ретіндегі мәртебесін растады.