26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барысқа» жаңа қорғаушы қосылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барысқа» жаңа қорғаушы қосылды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы канадалық қорғаушы Тайлер Уозерспунмен келісімшартқа қол қойды. Тәжірибелі ойыншымен жасалған келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.

Уозерспун бұған дейін АХЛ-де 700-ден астам матч өткізіп, НХЛ-да 36 ойынға қатысқан. Сондай-ақ, ол 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Канада құрамасының сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда Тайлер «Монреаль Канадиенс» клубының фарм-командасы – «Лаваль Рокет» сапында 79 кездесу өткізіп, 2 шайба соғып, 16 нәтижелі пас берген.

29 жастағы хоккейшінің бойы – 188 см, салмағы – 94 кг. Ол сол жақ қапталда ойнайды.